Стратегиялық даму және сапаны басқару департаменті

Стратегиялық жоспарлау және даму бөлімі

Стратегиялық жоспарлау және даму бөлімі Стратегиялық жоспарлау және даму бөлімінің негізгі қызметтері:

  • Университеттің стратегиялық даму жоспарын әзірлеу;
  • Университеттің стратегиялық даму жоспарындағы мақсаттардың, міндеттердің және бағытталған индикаторлардың университеттің барлық құрылымдық бөлімшелерінде жүзеге асырылуын талдау;
  • мамандықтарды лицензиялауда кафедралардағы құжаттарды реттеу жұмыстарын үйлестіру;
  • университеттің білім беру бағдарламаларының сапасын талдау;
  • Қазақстан Республикасының және басқа да шетел мемлекеттерінің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын талдау және жоғары басшылыққа университеттің білім беру бағдарламаларының сапасын арттыру бойынша ұсыныстар енгізу;
  • Факультеттердегі және кафедралардағы білім беру сапасына университет ішілік бақылау жұмыстарын ұйымдастыру.

Стратегиялық жоспарлау және даму бөлімінің бастығы: Омашова Гаухар Шапаевна Физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Телефон: +7 (7252) 30-11-29 E-mail: gauhar_omashova@mail.ru    1986 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің физика факультетінің арнайы бөлімін бітірді. Физик, ағылшын тілінде сабақ өткізуге құқығы бар физика пәнінің мұғалімі біліктілігіне ие. Мәскеу қаласында М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасының күндізгі бөлімін бітірді.    И.П.Бардин атындағы қара металлургияның орталық ғылыми-зерттеу институтында 1992 жылдың қарашасында «Титан, ниобий, цирконий және ванадий металдарының өзара әрекеттесуі және олардың өзара диффузиясы» тақырыбында кандидаттық диссертациясын ойдағыдай қорғап шықты және 1993 жылдың қаңтарында «Қатты дене физикасы» мамандығы бойынша физика-математика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды.    1993 жылдан қазіргі уақытқа дейін Қазақ химия-технологиялық институтында, қазіргі М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да түрлі лауазымда жұмыстар атқарды. Ұйымдарға, стратегиялық басқаруға сапа менеджменті жүйесін ендіру жұмыстарында тәжірибесі мол.    Орталық Азияның сапа кепілдігі жүйесінің және CANQA аккредитациясының сапа кепілдігі жүйесі бойынша сарапшы болып табылады. Атқарып жатқан жұмыстарымен қоса оқытушылық қызметін бірге атқарады, студенттерге физика курсын ағылшын тілінде өткізеді.

 

Бөлім қызметкерлері: жоғары білікті мамандар

Ысқақ Назира Пернебекқызы – Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-де «Есептеу техникаларын және желілерді ақпараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша бітірген. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-де «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету» мамандығы бойынша магистратураны, Бішкек қаржы-экономикалық академиясында «Экономика» бағыты бойынша докторантураны бітірген.
Малайзия, Путра университетінде (The Faculty of Computer Science and Information Technology) ғылыми тағылымдамадан өткен.
Ағылшын тілі - Upper-Intermediate level деңгейін бітірген.
40-тан астам ғылыми мақалалары мен 1 монографиясы жарияланған. Оның ішінде: 1 мақала SCOPUS базасында және 13 мақала шетелдік басылымдарда жарық көрген;
«Жоғары оқу орындарын сыртқы бағалау (аудит) рәсімі және өзін-өзі бағалау есептерін сараптау» тақырыбында БСҚТҚА-нен оқытудан өткен.
Лауазымдық міндеттері:

  • Университет бөлімдері мен факультеттерінен (жоғары мектептерінен)  университеттің Стратегиялық даму жоспарын әзірлеуді жүзеге асыруға ақпараттарды жинау, өңдеу және талдау;
  • ҚР білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуді жүзеге асыруға ҚР БжҒМ-нің өтініштері туралы мәліметтерді, материалдарды дайындау;
  • Бакалавриат, магистратура және докторантура бойынша жаңа мамандықтар ашу үшін кеңес беру және  ұсынылатын құжаттардың ішкі сараптамасын жүргізу;

 

Әлшериев Ердәулет Тұрысбекұлы - М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін  «Дефектология» мамандығы бойынша  бітірген. Аймақтық әлеуметтік- инновациялық университетінде «Педагогика және психология» мамандығы бойынша магистратура бітірген.
Лауазымдық міндеттері:

  • Университет бөлімдері мен факультеттерінен (жоғары мектептерінен)  университеттің Стратегиялық даму жоспарын әзірлеуді жүзеге асыруға ақпараттарды жинау, өңдеу және талдау;
  • ҚР білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуді жүзеге асыруға ҚР БжҒМ-нің өтініштері туралы мәліметтерді, материалдарды дайындау;
  • Бакалавриат, магистратура және докторантура бойынша жаңа мамандықтар ашу үшін кеңес беру және  ұсынылатын құжаттардың ішкі сараптамасын жүргізу;