Стратегиялық даму департаменті
warning: date(): It is not safe to rely on the system's timezone settings. You are *required* to use the date.timezone setting or the date_default_timezone_set() function. In case you used any of those methods and you are still getting this warning, you most likely misspelled the timezone identifier. We selected the timezone 'UTC' for now, but please set date.timezone to select your timezone. in /var/www/vhosts/monitoring.ukgu.kz/public_html/mon-ukgu.kz/kz/sites/all/themes/mon1/page.tpl.php on line 164.

«Сапа менеджменті және мониторинг» бөлімі

  1. 2018 жылы университетімізде құрылымдық бөлімшелердің қызметінің сапасын анықтау мақсатында оқытушылардан «М.Әуезов атындағы ОҚМУ құрылымдық бөлімшелердің қызметіне қанағаттанушылық» атты сауалнама өтті. Бұл сауалнамалардың нәтижелері 2018 жылдың қазан айында Ректорат кеңесінде қарастырылды.
  2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 43 бабы 4 тармағы 19 тармақшасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы №14 қаулысының «Азаматтық қызметшілерге, мемелекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 3 тармағы 6 тармақшасын басшылыққа ала отырып, профессорлық-оқытушы құрамын ынталандыру жүйесін жақсарту мақсатында 19.09.2018 жылы комиссия отырысы өтті.  2017-2018 оқу жылының қорытындысы бойынша университеттің профессор-оқытушы құрамына қосымша жалақы төлеуді белгілеу туралы бұйрыққа енді. Бұйрық бойынша 2018-2019 оқу жылында 653 профессор-оқытушы құрамы жалақыға қосымша ақы төленетін болды.
  3. Осы оқу жылында СМЖ ОҚМУ ПР 8.05-2019 ПОҚ-ның кафедралардың, факультеттердің KPI ережесіне сүйене отырып, ПОҚ қызметін рейтингтік бағалау межелерінің жаңа жобасы әзірленді.
  4. ҚР СТ 9001-2016 "Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар"  талаптарына сәйкес 2018-2019 оқу жылының СМЖ процесіне жауапты  "Тәуекелдер тізімін" процесін әзірледі.