Стратегиялық даму департаменті

Стратегиялық даму департаменті

Стратегиялық даму департаменті Стратегиялық даму департаменті университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады, тікелей ректор және стратегиялық даму және интернациоландыру жөніндегі проректорға бағынады, сондай-ақ М.Ауезов атындағы ОҚУ-нің барлық құрылымдық бөлімшелері мен өзара байланыста болады.

 

Стратегиялық даму департаментінің директоры
Омашова Гаухар Шапаевна
Физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент

Білім беру және ғылыми жетістіктер:

1986 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің физика факультетінің арнайы бөлімін бітірді. Физик, ағылшын тілінде сабақ өткізуге құқығы бар физика пәнінің мұғалімі біліктілігіне ие. Мәскеу қаласында М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасының күндізгі бөлімін бітірді.    И.П.Бардин атындағы қара металлургияның орталық ғылыми-зерттеу институтында 1992 жылдың қарашасында «Титан, ниобий, цирконий және ванадий металдарының өзара әрекеттесуі және олардың өзара диффузиясы» тақырыбында кандидаттық диссертациясын ойдағыдай қорғап шықты және 1993 жылдың қаңтарында «Қатты дене физикасы» мамандығы бойынша физика-математика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды.    1993 жылдан қазіргі уақытқа дейін Қазақ химия-технологиялық институтында, қазіргі М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да түрлі лауазымда жұмыстар атқарды. Ұйымдарға, стратегиялық басқаруға сапа менеджменті жүйесін ендіру жұмыстарында тәжірибесі мол.    Орталық Азияның сапа кепілдігі жүйесінің және CANQA аккредитациясының сапа кепілдігі жүйесі бойынша сарапшы болып табылады. Атқарып жатқан жұмыстарымен қоса оқытушылық қызметін бірге атқарады, студенттерге физика курсын ағылшын тілінде өткізеді.