Стратегиялық даму департаменті

Оқытушылары мен қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыру

Университет оқытушылары мен қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыру мақсатында 16.06-20.06.2014ж.ж. аралығында Мониторинг және сапаны басқару орталығына қарасты Ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру бөлімі тарапынан келесідей өзекті тақырыптар аясында семинар өткізілді:

  • Болон процесі параметрлерінің М.Әуезов атындағы ОҚМУ-де жүзеге асырылуы
  • Білім алушыларға ағымдағы және аралық аттестациялауды ұйымдастыру. Білім беру үдерісінде тест жасаудың жаңа үлгілерін қолдану.
  • М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ғы Сапа менеджменті жүйесінің құжаттарын басқару және жүргізу.
  • Профессор-оқытушылар құрамының, кафедралардың, факультеттердің қызметін рейтингтік бақылау. Тұтынушылардың білім беру процесінің сапасы мен қанағаттануының мониторингі.